Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Карантиндегі Алматы: Қала қалай өзгерді

2020 жылдың 24 наурыз 2020 21:22

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстандағы халық ең көп шоғырланған мегаполис 22 наурызда коронавирус індетіне байланысты толық оқшауланды. ҚазАқпарат фототілшісі екі күнде қала көшелеріндегі көріністі түсіріп алды.

19 наурызда Қазақстанда жарияланған төтенше жағдай режіміне байланысты елдің екі ірі қаласы Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантинге байланысты іргесін бекіткен болатын.

Қалада барлық қоғамдық орындар сауда, ойын сауық орталықтары, саябақтар, қызмет көрсету орындары жабылды. Тек азық-түлік сататын дүкендер мен дәріханалар ғана жұмысын тоқтатпады.




Оқушылар түгел демалысқа жіберілді, балабақшалар жабық.

Барлық кәсіпорындар жұмысшыларын қашықтан жұмысқа ауыстырып жатыр.

Алматы көшелеріндегі әдетте, әсіресе мереке күндері қайнап жататын тіршілік тоқтап қалған.

Көшелер бос, кептеліс жоқ. Даладағы адамдардың барлығы дерлік бетперде таққан, асығыс, ешкімнің ешкіммен ісі жоқ. Әдетте аузы-мұрнына сыймай жүретін қоғамдық көліктерде адам бірен-саран. Мешіттер мен шіркеулер де жабық.










Тіпті жекеменшік адам тасымалдаумен айналысатын таксилер де тапсырыс беретін адамдардың азайып кеткенін айтып шағымданып жатыр.

Бастапқыда адамға үрей ұялататын бұл ахуал амалсыздан туындап отыр. Қала билігі адамдарды толық оқшаулап инфекция тізбегін үзуді көздеп отыр.




Алайда мамандығына байланысты қаланың тыныс тіршілігінен қол үзе алмайтын кәсіп иелері әлі де жұмысын жалғастырып жатыр. Әсіресе, дәрігерлер, коммуналды қызмет өкілдері, азық-түлік жеткізушілердің атқарып отырған жұмысы атан түйеге жүк боларлық.

Ал күніне 250 мың машина кіріп-шығатын Алматының ауа бассейні шынымен тазарғаны байқалады. Оған Көктөбеден түсірілген суреттер куә. Қазір қаланың шеткі шекаралары мен көкжиегі анық көрінеді.
















































Жоғары қарай