Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Карантинде 900 адам жатыр, көпшілігі Қазақстан азаматтары – Денсаулық сақтау министрі

2020 жылдың 5 наурыз 2020 17:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус қаупіне байланысты Қазақстанда қабылданып жатқан карантиндік шаралар туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы бізде 992 адам карантинде жатыр. Оның ішінде оқшауланғандар да, үй жағдайында карантинде жатқандар да бар. 2 және 3 санаттар бойынша, яғни тұрғылықты мекенжай тұрғысынан 7515 адам бақылауда. Жалпы 8 мыңға тарта адам Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауына алынған», - деді Елжан Біртанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің сөзіне қарағанда, карантинде жатқандардың ішінде көпшілігі Қазақстан азаматтары, шетелдіктер де бар.

«Ауру белгілері бар жағдайда олар ауруханаға жатқызылады. Бүгінге дейін бізде 60 адам ауруханаға жатқан. 18-і кеше шығып кетті. 42-і қалды. Олар зерттеуден, диагностикадан өтуде. Осыған дейін айтқанымдай, Ресей және ҚХР-дан өнеркәсіптік өндірістен шыққан диагностикалық тесттер әкелінген. ДДСҰ-дан да қосымша тесттер жеткізілді. Біз 1014 адамды тексердік. Тесттердің бірде-бірінде коронавирус инфекциясы анықталған жоқ», - деді министр.


Жоғары қарай