Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Карантин: Жезқазғанда әкімдік қашықтан жұмыс істеуге көшіп, бірнеше нысан жабылды

2020 жылдың 11 маусым 2020 17:08

ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Жезқазған қаласының әкімдігінің қызметкерлері қашықтан жұмыс істеуге көшті. Бұған COVID-19 жұқтыру жағдайларының көбеюі себеп болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жезқазғанда КВИ жұқтырғандар саны 66 адамды құрады. Олардың жартысына жуығы «Жомарт» кенішінің қызметкерлері. Қазіргі таңда кәсіпорын басшылығы бір вахтаның жұмысын тоқтатып, эпидемияға қарсы шараларды қаблдауда.

«Жезқазған қаласы бойынша короновирустық инфекция жұқтырған 66 адам тіркелген, оның ішінде «Жомарт» кенішінен 31 адам, шет елдерден келген студенттер – 4, байланыста болғандар Теміртау қ.бойынша – 13, Жарық станциясы бойынша - 4, Қарағанды қ. бойынша - 3, психоневрологиялық диспансер бөлімшесінде– 11.
Қызметкерлер арасында COVID 19 таралу қаупінің туындауына байланысты вахта 2 маусымнан бастап жұмысын тоқтатты. Барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды. Қазіргі уақытта ауырған адамдардың жағдайы қанағаттанарлық, емдеу жүргізілуде. Ошақтарда дезинфекциялық іс-шаралар өткізілді», - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық ДСБ Жезқазған аймақтық өкілдігінің басшысы Ляззат Ранова.

КВИ таралуына байланысты Жезқазған қаласы әкімдігі қызметкерлерінің де жұмыс форматы өзгерді. Әкімдік штатының жартысы қашықтықтан жұмыс түріне көшті.

«Қалада азаматтардың КВИ жұқтыруы өсіп келеді, карантиндік талаптар күшейтілуде. Осыған байланысты Жезқазған қаласының әкімдігі қашықтықтан жұмыс істеу түріне көшті, қызметкерлердің 50% - ы өздерінің қызметтік міндеттерін алыстан (үйде оқшауланған жағдайда) атқарады. Қызметтердің байланыс телефондары, эл.пошталары қала әкімдігінің сайтында қолжетімді: Jezkazgan.gov.kz
Әкімдік қызметкерлері тиісті түрде қызмет көрсетпеген жағдайда «Жезқазған қаласы әкімінің аппараты« ММ басшысы - мемлекеттік қызметшілердің әдебі жөніндегі уәкілі Ержан Есетовке хабарласа аласыздар. тел: 736472», - делінген әкімдік парақшасында.

Сондай-ақ қалада «Жүрек» отбасылық-дәрігерлік амбулатория жұмысы шектелді.

«Жүрек» отбасылық-дәрігерлік амбулатория каратинге жабылды. Медициналық ұйым қызметкерінің туысынан жасалған талдаудың оң нәтижесімен расталған КВИ анықталды. Басқаларға жұқтыруға жол бермеу мақсатында, медициналық мекеме карантинге жабылды, барлық қызметкерлерге тексеріс және үй-жайларға дезинфекциялау жүргізілуде. Бүгінгі күні 63 қызметкерге талдау жасалды. Барлық талдаулар бойынша КВИ расталмады, ал 2 қызметкер бойынша әлі қаралуда. Тұрғындарға қызмет қашықтықтан көрсетіледі», - деді әкімдік қызметкерлері.

Алайда, отбасылық-дәрігерлік амбулатория қызметкерлеріне скрининг жүргізілгеннен кейін медициналық қызметкерлердің COVID-19 диагнозы расталмағаны белгілі болды. Сондықтан клиника жеңілдетілген карантин режимінің маска кию, қолды, адамдар арасында байланыс болатын заттардың беттерін дезинфекциялау, кіре берісте температура өлшеу, қашықтық ұстау талаптарын сақтай сақтай отырып, өз жұмысын қайта бастады.


Жоғары қарай