Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Карантин жеңілдетілді: 17 тамыздан қандай нысандар жұмысын бастайды

2020 жылдың 14 тамыз 2020 12:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 17 тамыздан бастап Қазақстан балабақшаларында кезекші топтар жұмыс істей бастайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы уақытқа дейін қызметіне тыйым салынбаған нысандар дүйсенбіден әрі жұмысын жалғастыра береді. Осы нысандардан бөлек, сауда және ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысы қайта жанданады. Егер бұған дейін сауда орталықтарында дәріханалар мен азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істесе, дүйсенбіден бастап сауда орталықтарында бутиктерде де жұмыс істей алады», - дейді Айжан Есмағамбетова.

Сондай-ақ, сауда желілері мен ашық базарлар жұмыс істей бастайды.

«Сонымен қатар, сұлулық салондарының, сұлулық орталықтарының, шаштараздардың, SPA-орталықтарының жұмысына рұқсат етіледі. Бұл нысандардың барлығына қатаң талаптар қойылады. Бизнес нысандары осы талаптарға сай болуы керек. Талаптар ең алдымен, карантинді жеңілдетудің алғашқы кезеңдерінде нысанда адамдардың көп жиналмауына, әлеуметтік қашықтықтың қамтамасыз етілуіне бағытталған», - дейді ол.

Ересектер мен балаларға арналған білім беру орталықтары да ашылатынын айта кету керек.

«Сонымен бірге, біз осы орталықтардың қызметін шектейміз, яғни бір топта 5 адамнан аспауы керек. Ал сабақтар алдын ала жазылу, күшейтілген дезинфекция және әлеуметтік қашықтықты сақтау арқылы жүргізілуі керек. Мектепке дейінгі мекемелердің жұмысына да рұқсат етіледі, бірінші кезеңде олар кезекші топтар түрінде жұмыс істейді. Әр жасқа 15 баладан аспайтын кезекші топтар құрылады», - деді Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 13 тамызда ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында Карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары бекітілді.
Жоғары қарай