Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Карантин: Шығыс Қазақстанда санитарлық талапты сақтамайтындар азайып келеді

2020 жылдың 3 желтоқсан 2020 02:00

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы мониторинг топтары рейд шараларын жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ бойынша күн сайын жүргізілетін рейдтер өз тиімділігін көрсетіп отыр. Облыстың барлық қалалары мен аудандарында өткен кезекті рейд барысында ереже бұзу фактілері бұрынғыдай көп тіркелмеді.

«Глубокое ауданында 1 желтоқсан күні 101 нысан тексеріліп, санитарлық нормаларды сақтамаудың 1 фактісі анықталды. Г.М. Каримова есімді әйел адам қолданылған жеке қорғаныс заттарын жинау мен сақтау ережелерін бұзған. Салынған айыппұл сомасы – 41 670 теңгені құрады. Сондай-ақ Жарма ауданының Қалбатау ауылындағы «Еркетай» дүкенінің иесі Б.Малғаждароваға қатысты бұрын анықталған ереже бұзу фактісі бойынша 319 470 теңге мөлшерінде айыппұл салынды» делінген ШҚО ақпарат орталығы таратқан мәліметте.

Айта кетейік, ШҚО-да 128 мониторинг тобы жұмыс істеуде. Оның құрамына полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары кіреді.

Осыған дейін Шығыс Қазақстанда карантиндік шектеулердің 17 желтоқсанға дейін ұзартылғаны хабарланған.


Жоғары қарай