Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Карантин: ШҚО-да жыл басынан бері 7 мыңға жуық рейд жүргізілді

2021 жылдың 8 сәуір 2021 21:00

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 2021 жылдың басынан бері карантин талаптарының сақталуын тексеру үшін 7 мыңға жуық рейд жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы жылдың 8 ақпанынан бастап Шығыс Қазақстан тұрақты түрде «жасыл» аймақта. Алайда соған қарамастан ҚР және облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің қаулыларымен бекітілген шектеу шараларын бұзуға қатаң тыйым салынған. Аймақ бойынша карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында 190 мониторингілік топ жұмыс істеуде.

«2021 жылғы 1 қаңтар мен 7 сәуір аралығында 6832 рейд жүргізіліп, 14703 нысан қамтылды. 2734 нысаннан санитарлық талаптың сақталмауы анықталған. Бұл жалпы тексерілген объектілердің 18,5%-ын құрап отыр», - делінген ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті таратқан хабарламада.

Тіркелген бұзушылықтар бойынша 1438 хаттама толтырылып, жалпы сомасы 79 млн теңгеден астам 1382 айыппұл салынған. Оның ішінде лауазымды тұлға – 2, заңды тұлға – 1, жеке кәсіпкер – 38, жеке тұлғалар – 1319.

Жоғары қарай