Ауа райы
Астана -28 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Карантин: ШҚО 5 рейд болып, 700 мың теңге айыппұл салынды

2020 жылдың 30 қараша 2020 07:35

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстанда мониторингтік топтар бақылауды жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірдің Ақпарат орталығына сілтеме жасап.

КВИ-дің таралуына қарсы күрестегі тиімді құралдардың бірі – облыстың барлық аудандары мен қалаларында құрылған арнайы мониторингтік топтар. Тексеру жұмыстары коронавирустың таралу қаупінің алдын алатын эпидемияға қарсы шараларды жүргізу бойынша санитарлық ережелердің негізінде жүзеге асырылады.

Риддер қаласында 28 қарашада 5 рейд өтіп, 70 нысан тексерілді. Нәтижесінде жалпы сомасы 722 280 тенге болатын 4 айыппұл салынып отыр.

Санитарлық нормаларды бұзу фактілері «Доминант» дүкені мен «Огонек» шағын базарында тіркелді, мұнда сатып алушыларға медициналық маскасыз және қолғапсыз қызмет көрсетілген.

Бородулиха ауданында мониторингтік топ 26 нысанды аралады. 1 ереже бұзу фактісі анықталып, қоғамдық орында маскасыз жүрген С.Н. Новокрещенов есімді азаматқа 41 670 тенге көлемінде 1 айыппұл салынды.

Глубокое ауданында 89 нысанда 18 рейд жүргізілді. Маскалық режимді бұзу бойынша 1 факті тіркеліп, А. Ф. Гордеев есімді азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл – 41 670 тенге.

ШҚО-да рейдтік шаралар мен мониторингтік топтардың жұмыстары әлі де жалғасады. Сауда орындары мен дүкендерге барғанда жеке қорғаныс заттарын қолдануды ұмытпаңыздар.

Бұл сіздерге ыңғайсыздық тудырса да, өзіңізді және жақындарыңызды қауіптен қорғауға септігін тигізеді.
Жоғары қарай