Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Карантин: Сауда үйлерінде қандай нысандар жұмысын жалғастырады

2020 жылдың 2 шілде 2020 17:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Карантин кезінде сауда үйлерінде тек азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істейді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Эпидемиологиялық қауіпті нысандардың қызметі уақытша тоқтатылады. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалардан бөлек, оның ішінде сауда, ойын-сауық орталықтарының жұмысы тоқтайды. Сауда үйлері мен сауда желілерінде азық-түлікке қатысты шектеу болмайды», - деді Е. Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы орайда ол жұмысын жалғастыратын нысандарда персоналдың қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі тиіс екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекеттік комиссия эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекіткен болатын. Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Мемлекеттік комиссия биылғы 5 шілдеден бастап елімізде 14 күнге келесі шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады.

Ал карантин талаптарын бұзған қазақстандықтар айыппұл төлейтін болды.



Жоғары қарай