Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Карантин: Көкшетауда той жасағандар анықталды

2020 жылдың 28 қыркүйек 2020 14:05

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда жүргізілген кезекті рейд кезінде бірқатар мекемелерде карантиндік шаралардың сақталмағандығы анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, мониторинг кезінде карантиндік шараларды сақталмағандығын анықтады. Рейд кезінде анықталғандай, облыс орталығындағы «У Петровны» трактирінде туған күн және коттеджжердің бірінде құдалық өткізілген.

«Жинастырылған іс материалдары бойынша карантиндік талаптарды бұзғандарға қатысты әкімішілік айыппұл салу шарасы қолданылады. Бұл ҚР ӘҚбК 425 бабының 1 бөлігі бойынша әкімшілік жаза қолданылады», - деп атап өтті ведомстводан.

Сонымен қатар, «Аристократ» мейрамханасында ас берілгені анықталып отыр.


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, Карантин,
Жоғары қарай