Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Карантин кинобизнес саласына қалай әсер етіп жатыр

2020 жылдың 23 қыркүйек 2020 10:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда демалыс күндері күшіне енетін локдаун кинобизнес саласын едәуір тұралатып тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Finprom.kz зерттеуіне сілтеме жасай отырып.

Жалпы Қазақстанда фильм және телебағдарлама өндірісі саласындағы қызмет көрсету көлемі үш есе азайған. Кино және видеофильм, телебағдарлама, фонограмма мен музыкалық жазбалар өндірісі бойынша қызмет көлемі алғашқы жартыжылдықта 17,7 млрд теңге пайда тауып, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 31,2 пайыз кеміген болатын.

Қазақстан аймақтарының ішінде Алматының бір өзіне бұл саладағы қызмет көрсету көлемінің 69,5 пайызы тиесілі: алайда алғашқы жартыжылдықта оңтүстік астанадағы қызмет көлемі 30,6 пайызға азайған.

«Алматыдан кейін Нұр-Сұлтан (3,3 млрд тг — өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 36,6% аз) тұр. Қалған өңірлерге Қазақстан бойынша қызмет көрсету көлемінің 12,1 пайызы ғана тиесілі» делінген зерттеуде.

Кинофильм көрсету қызметі 2,3 есе құлдырап, 4,8 млрд теңгені ғана көрсеткен. Бұған локдаундардың қатты әсер етіп тұрғаны айқын.

Еске сала кетейік, бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына сәйкес 16 қыркүйектен бастап ашық ауадағы кинотеатрлардың (міндетті түрде әлеуметтік қашықтық пен маска режимін сақтай отырып) жұмыс істеуіне рұқсат берілген болатын.

Сонымен бірге кино, видеофильм мен телебағдарламар өндірісі қызметі 2 есе, яғни 4 млрд теңгеге қысқарған.


Жоғары қарай