Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Карантин: Қарағандыда 2,2 мың нысан тексерілді

2020 жылдың 19 қазан 2020 22:58

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласында Қоғамдық бақылау мүшелері карантин талаптарын бұзған бірнеше мекемені анықтады. Демалыс күндері 50-ден астам нысанда санитарлық шаралар қаншалықты сақталатыны тексерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«18 қазандағы кезекті түнгі рейд кезінде Loft Grill мекемесінде келесі бұзушылықтар тіркелді: қызметкерлерді температураны өлшемей, қолғапсыз жұмысқа жіберілген», - деп хабарлады Қарағанды облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінен.

Осы тәртіп бұзушылық бойынша акт жасалып, құжаттар тапсырылды.

Жалпы, демалыс күндері 54 нысан тексерілді. Сенбі күні мобильді топ 24 нысанға бас сұққан. Оның ішінде түнгі рейдті есептемегенде 5-еуінде ереже бұзушылықтар анықталған.

Ал жексенбі күні 30 нысан тексерілді, оның 5-еуінде ереже бұзылған.

Жалпы, Қарағанды қаласында 10 шілде - 18 қазан аралығында 2215 нысан тексерілді, оларда 123 бұзушылық анықталды, 113 хаттама толтырылды.


Жоғары қарай