Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Карантин: Елордада демалыс күндері білім беру орталықтарының жұмысына тыйым салынды

2020 жылдың 16 қазан 2020 20:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж. Пралиеваның 16 қазандағы жаңа қаулысына сәйкес елордада шектеу және карантин шаралары қатаңдатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа қаулы мәтініне сәйкес, қаладағы білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балалар даму орталықтарының (алдын ала жазылу бойынша, 10 адамға дейінгі топтармен) жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істеп, демалыс және мереке күндері олардың жұмысына тыйым салынды.

Сонымен қатар, театр, кітапхана, мұражай, галерея, көрме жұмысына 65 жастан асқан көрермендердің келуін шектеу қойылады.

Қаулының толық мәтінін мына жерден көруге болады.


Жоғары қарай