Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Карантин: Атыраулық кәсіпкерлердің 40 пайызы қызметкерлерін қысқартқан

2020 жылдың 14 тамыз 2020 21:40

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында пандемия кезінде сауда, қоғамдық тамақтану орындары, сауда, ойын-сауық орталықтары секілді ең көп зардап шеккен бизнес субъектілері арасында сауалнама жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Атырау өңірлік палатасының директоры Абдолла Идресовтің айтуынша, 3 мыңға жуық кәсіпкерден сауалнама алынған.

«Атырау облысында 18 705 бизнес субъектісі бар. Бүгінгі таңда өңірде пандемия кезінде зардап шеккен 3 мыңға жуық кәсіпкерден сауалнама алынды. Оған сәйкес, кәсіпкерлердің 40% қызметкерлерін қысқартқан, 34% дағдарыс жағдайында, ал 54% табыс айтарлықтай төмендеген», - деді Абдолла Идресов.

Оның айтуынша, елімізде кәсіпкерлікті қолдау үшін кешенді шаралар әзірленуде. Шағын және орта бизнес субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету шарасының қатарында неғұрлым зардап шеккен салаларда несие төлемін биылғы 1 қазанға дейін кейінге қалдыру мүмкіндігі ұсынылып отыр.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Атырау облысында 222 адам бизнес бастау үшін несие мен гранттар алды.


Жоғары қарай