Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Карантин: Алматыда құмар ойын клубы анықталды

2020 жылдың 10 тамыз 2020 21:48

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда карантин кезінде астыртын жұмыс істеген құмар ойын клубы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ағымдағы жылдың 9 тамызынада ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қ. бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметімен бірлесіп, Алматы қаласының мейрамханаларының бірінде покер ойындары өткізілген астыртын құмар ойындар клубының заңсыз қызметін анықтады. Жедел-іздестіру шаралары барысында клубта карантин режимін бұзған 63 адам анықталды. Олар түнгі 00:00-ден кейін құмар ойындарын ұйымдастырып, ойнаған.Оқиға орнын тексеру кезінде мейрамхананың банкет залында фишкалары бар 4 футляр, покер ойынына арналған шұғадан жасалған 3 жайма, ойын карталары және ақша қаражаты анықталып, тәркіленді»,– деп хабарлады ҚР Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 307-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерудің біріңғай тізіліміне тіркелді.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Карантин,
Жоғары қарай