Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Карантин: Алматыда бір күн ішінде 17 нысаннан кемшіліктер анықталды

2020 жылдың 29 қазан 2020 20:35

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мониторинг топтары мегаполис аумағында карантиндік шаралардың сақталуын бақылау бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

28 қазанда 71 мониторингтік шара өткізілді. Олардың ішінде заңбұзушылықтар 17 нысаннан анықталды.

Анықталған бұзушылықтар бойынша материалдар аумақтық медициналық ұйымдарға жолданды.

Жекелей алғанда, Алатау ауданының мониторингтік топтарымен Әйгерім шағын ауданында «Заман» дүкенінде, дәмханада және дәріханада, Бөкеев көшесінің бойындағы «Соня» дүкенінде маска режимінің сақталмауы, қолды өңдейтін санитайзерлер мен дезинфекциялық кілемшелердің болмауы сияқты карантин режимін бұзу фактілері анықталды.

Алмалы ауданындағы мониторингтік шаралардың барысында Қарасай батыр көшесі, 193 бойынша «Рюмочная Бавария» дәмханасында жұмыс режимінің бұзылуы анықталды. Розыбакиев көшесі, 214 а мекенжайы бойынша кальян қызметіне уақытша шектеу енгізілді.

Әуезов ауданында Жандосов көшесі, 59 мекенжайы бойынша «Москва» бильярд клубының жұмысына уақытша шектеу енгізілді. Сонымен бірге 11 шағын аудандағы лото клубтың қызметі тоқтатылды.

Жетісу ауданында мониторингтік жұмыс қорытындысы бойынша Абылай хан даңғылы бойындағы «Ас-Жол» дәмханасы және Райымбек даңғылы бойындағы «Лион» компьютер клубының қызметіне уақытша тыйым салынды.

Наурызбай ауданының мониторингтік топтары «Хозяюшка» дүкені мен «Птичка» кофейнясынан маска режимінің сақталмауы, қолды өңдейтін санитайзерлердің жоқтығын анықтады.

Шектеу шаралары және санитарлық ережелерді жүйелі және қасақана бұзу фактілері анықталған жағдайда материалдар құқықбұзушыларды Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексінің 462-бабының 3-бөлігі бойынша жауапқа тарту және іс қозғап, сотқа беру үшін аумақтық прокурорларға берілетін болады.

Жоғары қарай