Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Карантин: 324 атыраулыққа айыппұл салынды

2020 жылдың 23 қазан 2020 08:45

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау қаласының 324 тұрғынына карантин талаптарын бұзғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қалалық прокуратурасының мәліметінше, карантиндік шектеу шараларының ұзартылғанына қарамастан кейбір тұрғындар тарапынан бұл талаптың сақталмайтыны анықталып отыр.

«Шектеу шаралары кезеңінде 324 тұлға айыппұл жазасына тартылды. Тек, өткен аптаның ішінде түрлі іс-шараларды өткізумен байланысты 32 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде мейрамханаларда 8 салтанатты шара, түңгі мезгілде жұмыс істеген 13 кафе-бар, бас мемлекеттік санитариялық дәрігер тыйым салған 3 нысан (кинозал, компьютер клубтары) бар.

Атырау қалалық прокуратурасы коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында барлық азаматты шектеу шараларын сақтауға шақырады. Сондай-ақ, шектеулерді бұзған жағдайда қызметін тоқтатуға дейін әкімшілік жауапкершілік барын ескертеді» -деп хабарлады Атырау қалалық прокуроратурасынан.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 1600 рейдтік тексеру жүргізілгенін жазған болатынбыз.



Жоғары қарай