Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Карантин: 17 тамыздан кейін қандай шектеулер сақталады

2020 жылдың 13 тамыз 2020 18:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 17 тамыздан бастап Қазақстанда коронавирус инфекциясына байланысты енгізілген карантин шаралары жеңілдетіледі. Алайда, бірқатар нысандардың жұмысына тыйымдар сақталмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда,

- ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік, салтанатты және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге, сонымен қатар үйде өткізуге;

- барлардың, түнгі және ойын клубтарының, караоке, фудкорттардың, кинотеатрлардың және балалар мен ересектерге арналған басқа да ойын-сауық орындарының жұмысына;

- мәдениет нысандарының, музейлердің қызметіне, конференциялар, көрмелер, форумдар өткізуге;

- бассейндер, қалалық және қоғамдық жағажайлар, ашық аквапарктердің жұмысына;

- діни нысандардың жұмысына;

- қала маңындағы жолаушылар пойыздарының/электричкалардың қозғалысына, жұмыс пойыздарын, қалааралық автобустарды/микроавтобустарды қоспағанда, ортақ вагондарды құруға тыйым салынады.

Сондай-ақ эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру мақсатында демалыс күндері шектеу шаралары сақталады.

«Маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтау ‒ барлық адамдар үшін сақталуы тиіс міндетті санитарлық талаптар және бұл азаматтардың күнделікті өміріндегі ережелерге айналуы қажет. Бизнес субъектілерінің қызметін олар толық дайын болған жағдайда ғана қайта бастау қажет», — деді Үкімет басшысы Асқар Мамин бүгін өткен мемлекеттік комиссия отырысында.


Жоғары қарай