Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарақалпақстанда қыз алып қашқандар ұсталды

2020 жылдың 30 қазан 2020 15:00

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Қарақалпақстанда қыз алып қашып, оны тұрмыс құруға мәжбүрлегендер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өзбекстан Республикасы ІІМ жанындағы тергеу департаментінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«13 қазанында сағат 20:00 шамасында 3 азамат 24 жастағы қыз баланы қарсылық білдіргеніне қарамастан алып қашқан. Оқиға Қанлыкөл ауданының Сари-Олтин және Маденият көшелері қиылысында болды. Жұмыстан кейін үйіне бара жатқан қызды 3 ер азамат «Nexia-2» автокөлігіне мәжбүрлеп отырғызып, Бустан ауылындағы үйлердің біріне апарған.

Қазіргі таңда осы факті бойынша Қанлыкөл ауданының ІІБ жанындағы тергеу тобы Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 136-бабының 1-бөлігі (Әйелді некеге тұруға мәжбүрлеу немесе некеге тұруға кедергі жасау) бойынша қылмыстық іс қозғады», - делінген Өзбекстан Республикасы ІІМ жанындағы тергеу департаментінің сайты таратқан мәліметте.

Қылмыстық кодекстің аталған бабы бойынша, күдіктілерге 25 базалық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу, 360 күнге дейін міндетті қоғамдық жұмыстарға немесе 3 жылға дейін түзету жұмыстарына тарту жазасы қарастырылады. Сондай-ақ, сот шешіміне байланысты 1 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.



Автор Әлихан Асқар
Басты сөздер: Оқиға, Өзбекстан,
Жоғары қарай