Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандының «Орталық әмбебап дүкен» сауда үйінен 80 адам эвакуацияланды

2021 жылдың 29 тамыз 2021 15:02

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандының «Орталық әмбебап дүкен» сауда үйінен 80 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Белгісіз ер адам 102-ге қоңырау шалып, сауда үйіне бомба қойылғанын хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін сағат 12.05-те «102» пультіне «Орталық әмбебап дүкен» сауда үйіне бомба қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына барлық мамандандырылған қызметтер жіберілді. Ғимараттан 80-ге жуық адам эвакуацияланды.

«Полиция қызметкерлері ғимаратқа тексеру жүргізді, жарылғыш заттар табылған жоқ. Сағат 13.00-де доғару командасы берілді. Қазіргі уақытта қоңырау шалушы анықталып, ұсталды. Ол 30 жастағы қала тұрғыны болып шықты», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркеліп, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу басталды.


Жоғары қарай