Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандының карантин енгізілген аймақтарында қалааралық автобус қозғалысы қалпына келеді

2021 жылдың 23 маусым 2021 13:24

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Карантин енгізілген Шахтинск, Шахан, Долинка елді мекендері арқылы өтетін Қарағанды-Шахтинск және Қарағанды-Шахан бағытындағы қозғалыс және қалааралық облысішілік жолаушылар тасымалы қайта іске қосылды. Бұл туралы Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, коронавирус инфекциясының ошақтарын оқшаулауға және Шахтинск қаласы, Шахан кенті, Новодолинский кенті және Долинка кенті аумағында байланыста болған адамдардың анықталуына байланысты, Қарағанды – Шахтинск – Қарағанды, Қарағанды – Шахан – Қарағанды қатынасымен қалааралық облысішілік тұрақты жолаушылар тасымалы қозғалысын қайта бастау туралы шешім қабылданды. Қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді», - деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша сантарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 21 маусымынан бастап Шахан, Новодолинский және Долинка кенттерінде эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты шектеулер енгізілген болатын.


Жоғары қарай