Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Қарағандының бас санитарлық дәрігері: Арзан турпакеттерге қызықпаған жөн

2020 жылдың 21 наурыз 2020 19:12

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қанат Асқаров аймақ тұрғындарына үндеу жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қарағандылықтарды Наурыз мейрамын отбасында атап өтуге және алыс сапарлардан бас тартуға шақырды.

«Біздің елімізде коронавируспен күрес жүріп жатыр. Ол қозғалыс неғұрлым аз болса, індеттің таралуы аумағы тарылады деген үндеумен өтуде. Сіздерді Наурыз мерекесін туған-туыстар мен жақындар арасында өткізуге, адамдар көп шоғырланатын орындарға бармауға, облыстан тыс жерлерге алыс сапарларды жоспарламауға шақырамын. Коронавирустық инфекциямен ауырғандар арасында жағдайы қолайсыз елдерге барған адамдар бар. Денсаулық сақтау министрлігінің бірнеше мәрте ескертуіне қарамастан азаматтар жолдама бойынша барып қайтты. Тағы да өтінерім: төмен бағаға қызықпаңыздар. Арзан турлар сіздің жақындарыңыздың денсаулығы мен өмірінен артық емес!», - деді Қанат Асқаров тікелей эфирде өткен брифингте.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды медициналық мекемесінде шетелдік сапар кезінде жұқтырған ер адам мен әйел емделуде . Пациенттердің жағдайы қанағаттанарлық, олар барлық қажетті препараттар мен процедураларды алады, деп хабарлады департамент басшысы.

Облыста коронавирустық инфекция бақылауда, деп атап өтті ол.

Санитарлық дәрігерлер алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралардың орындалуын қадағалайды.

Брифинг барысында білім басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиев төтенше жағдай кезінде балабақшалардың жабылуы мүмкін екендігін айтты.

Бұл мәселе қазір қарастырылуда. Әңгіме ірі қалалар, ең алдымен облыс орталығы туралы болып отыр.

«Басты құндылық – бұл біздің балаларымыздың денсаулығы мен амандығы. Статистика көрсеткендей, қазір ата-аналардың 20%-ы балаларды балабақшаларға әкеледі. Балабақшадан өз еркімен келуден бас тартқан адамдар үшін олардың орындары сақталады. Балабақшаға балалардың қаншасы келетіні ондағы қызметкерлердің жалақысына әсер етпейді. Егер біз балабақшалардың қызметін тоқтататын болсақ, бұл қауіпсіздікті күшейтеді деп ойлаймын», - деп атап өтті Есенғазы Иманғалиев.

Спикер сондай-ақ оқушылардың қашықтықтан оқытуға көшу мүмкіндігі бойынша дайындық жүргізіліп жатқанын хабарлады. 6-шы сәуірде мектеп оқушыларының кезектен тыс демалысы аяқталады. Осы уақытқа таман жағдайға байланысты қалай әрекет ету керектігі шешіледі. Колледж студенттері 16 наурыздан бастап қашықтықтан білім алуға көшті. Процесс штаттық режимде жүріп жатыр. Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы Ирина Любарская алыс жолға шыққан ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлеріне ақы төлеу жүйесі туралы айтып берді. Ол еңбек заңнамасының нормаларын түсіндірді.

Спикерлер онлайн келіп түскен барлық сұрақтарға жауап беріп, азаматтарды Наурыз мейрамымен құттықтады.


Жоғары қарай