Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандылықтарға медсақтандыру қоры есебінен қымбат нейрохирургиялық оталар жасалды

2021 жылдың 17 маусым 2021 04:34

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы клиникада жылбасынан бері мидың артерияларын стенттеу бойынша 10 жоғары технологиялықота жасалды. Мұндай нейрохирургиялық араласуларға қан тамырларының аневризмалары және атеросклероз жатады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Стенттеу бойынша жоғары технологиялық операция жасаған науқастардың бірі зейнеткер Бақтыбала Бейсембаева болды. Инсульттан кейін әйелде каротид артериясының аневризмасы пайда болған. Осы жылдың наурыз айында оған сәтті ота жасалды. Науқас оңалтудың екі курсынан өтіп үлгерді, олар да медициналық сақтандыру қорының қаражатынан төленді.




«Жансақтау бөлімінде менің жанымда болған дәрігерлерге алғысымды білдіремін. Дегенмен, жасым жеткен адаммын. Бірақ мен бәрін өткердім, өзімді жақсы сезінемін. Екі рет оңалту орталығында болдым. 14 күн курстардан өттім, оның 10-ы емдік болды. Әр түрлі массаждар, жаттығулар көп көмектеседі. Айтарлықтай жақсару бар», – деді Бақтыбала Бейсембаева.

Әрбір нейрохирургиялық операция үшін медициналық сақтандыру қоры 4,7 млн теңгеден төледі. Өткен жылы профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы клиника осындай отаны 16 рет, ал осы жылдың бес айында 10 рет жасаған.




«Эндоваскулярлық ота тамыр арқылы жасалады. Стент артерия патологиясы орнына арнайы катетердің көмегімен бүктелген түрде жеткізіледі. Сонан соң қан тамырының пішініне сай келіп ашылады. Егер аневризмада бұл дер кезінде жасалмаса, ол жарылып кетеді (геморрагиялық инсульт пайда болады) немесе жарақат алады (ишемиялық инсульт пайда болады)», – деп атап өтті нейрохирург Ниязбек Ерниязов.

Айта кету керек, артерияларды стенттеу шұғыл түрде тегін медициналық көмектің

кепілдік берілген көлеміне кіреді және МӘМС жүйесіндегі пациенттің мәртебесіне қарамастан тегін жасалады. Жоспарлы операция медициналық сақтандыру пакетіне кіреді және ай сайын аударымдар жасайтындар үшін тегін.





Жоғары қарай