Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қарағандылықтар қоғамдық көлік ерте тоқтап қалатынына наразы болып жатыр

2022 жылдың 17 мамыр 2022 13:31

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда қоғамдық көлік кешкі сағат 20.00-де тоқтайды. Мұндай кесте қала тұрғындарының наразылығын тудырып отыр. Қарағандылықтар автобустардың жүру уақытын ұзартуды талап етуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі таңда Қарағандыда қаланың барлық аудандарын қамтитын 46 қалалық және 8 қала маңындағы маршрут бойынша 300 автобус қатынайды.

Автопарк иелерінің айтуынша, автобустар күн сайын орташа есеппен 06:00-ден 21:00-ге дейін негізгі бағыттар бойынша жүреді. Жұмыс уақыты тәулігіне 12-ден 14 сағатқа созылады. Алайда, қала тұрғындары бұл мәлімдемемен келіспейді және автобустардың жұмыс уақытын елдің көптеген қалаларындағыдай 23.00-ге дейін ұзартуды талап етуде.

«Қазіргі уақытта қаланың автобус парктерінде кадр жетіспеушілігінен жүргізушілер бір ауысыммен жұмыс істеуде. Шамамен 200 жүргізушінің тапшылығы бар, бұл автобустардың маршруттарға толық шығуын және жүргізушілердің 2 ауысымдық жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты қоғамдық көліктің жұмыс уақытын 22:00-23:00-ге дейін ұзарту мүмкін емес», - деп түсіндірді Қарағанды қаласының ТКШ, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінен.

Ведомствоның хабарлауынша, тасымалдаушылар кадрларды тарту үшін жалақыны тұрақты көтеру және жаңа автобустар сатып алу бойынша шаралар қабылдауда. Биыл бюджеттен бұл мақсатқа 3,6 млрд теңге көлемінде субсидия бөлінді, күзде тағы да қосылуы мүмкін. Бірақ, тасымалдаушылардың айтуынша, бұл қаражат барлық шығындарды өтемейді. Сондықтан жақын арада қоғамдық көліктің жұмыс уақыты ұзартыла ма, жоқ па, әлі белгісіз.


Жоғары қарай