Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандылық жеткіншектер үйірме мен секцияларға тегін қатыса алады

2021 жылдың 24 шілде 2021 08:38

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – 4 жастан 17 жасқа дейінгі жас қарағандылықтар үйірме мен секцияларға тегін бара алады. Жоба artsport.edu.kz порталында жүзеге асады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпараттық портал қызмет көрсетушілердің, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына баруға ваучер алу үшін өтінімдерін тіркеу және беру үшін әзірленген.

«Қарағанды облысында шығармашылық бағыт бойынша қазіргі уақытта 16 жеткізуші анықталды. Үйірмелер арасында – ұлттық халық билері, заманауи билер, хореография, академиялық ән, қуыршақ және басқалар бар. Бірақ бұл тізім толығады, себебі ата-аналар да, жеткізушілер де бізге күн сайын қоңырау шалады. 22 шілдеге дейін ата-аналар 509 өтініш берді, оның 411-ін ваучерлер мақұлдады», – дейді бос уақыт және халық шығармашылығы ғылыми-әдістеме орталығының әдіскері Назгүл Байкенова.

Облыстағы тегін спорт секцияларына 7 900-ге жуық жас қарағандылықтарды тарту жоспарлануда.




«Бізде 71 спорт түрі бар, оның ішінде тірек-қимыл аппараты зақымданған, көру, есту және басқа шектеулері бар балалар үшін де үйірме қарастырылған. Бұл - 17 жазғы олимпиадалық спорт түрі және төрт қысқы спорт түрі. Сондай-ақ, бір ұлттық спорт түрі - қазақ күресі және төрт олимпиадалық емес спорт түрі. Болашақта бұл тізім әлі де кеңейе түседі», – дейді Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві бөлімінің басшысы Наталья Темірбаева.

Бүгінгі таңда қызмет көрсетушілерден 72 өтінім келіп түсті, олардың ішінде шахмат, көркем гимнастика, спорттық би және дзюдо мақұлданды.

473 ата-ана ваучер алуға тіркелді, оның 253-і балаларға барлық қажетті құжаттарды ұсынды және іске қосылды.

«Бізде осы жұмыспен айналысатын жұмыс тобы құрылды. Call-орталықтың телефоны – 50-71-08. Электрондық пошта да бар pfss@krg.gov.kz. Оған ата-аналар да, жеткізушілер де өз сұрақтарын жібере алады. Жоба бүкіл ел үшін жаңа, сондықтан сұрақтар туындайды. Біз әрқашан жауап беруге және түсіндіруге дайынбыз, – деді Наталья Темірбаева.

Қосымша ақпарат алу үшін (8-7212) 42-50-95 (дүйсенбіден жұмаға дейін 09: 00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін) телефоны бойынша Қарағанды облысы бойынша call-орталығына хабарласуға болады. Электрондық пошта: karonmc@mail.ru.


Жоғары қарай