Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандылық жас кәсіпкер туристік орындар туралы мәлімет беретін карта әзірлеп жатыр

2019 жылдың 30 қазан 2019 20:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қарағандылық жас кәсіпкер Әнуар Нұржанов туристік орындар туралы толық ақпарат беретін карта әзірлеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әнуар Нұржанов Қарағанды мемлекеттік-техникалық университетін «Геодезия және картография» мамандығы бойынша бітірген. Өз мамандығымен екі жыл жұмыс істеп, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Жас кәсіпкер» бағдарламасы арқылы жеке кәсібін бастаған.

«Жас кәсіпкер» бағдарламасына өтінім берген соң, үш апталық курсқа қатыстым. Онда бизнес-жоспар құру мен кәсіпкерліктің негіздерін үйретті. Оқу соңында бизнес-жоспар қорғап, қаражатты қайда жұмсайтынымды түсіндірдім. Нәтижесінде 505 мың теңге қайтарымсыз грант жеңіп алдым», - деді Ә. Нұржанов.




Қыркүйек айында жас кәсіпкер геоақпараттық жүйелер саласында өз жұмысын бастады. Ондағы маңызды жобалардың бірі - туристік орындар туралы ақпарат беретін карта.

«Біз карта әзірлеумен айналысамыз. Бұл Гугл, Яндекс карталарға ұқсауы мүмкін, бірақ біздің картада навигатордан бөлек, туристік орындарға басымдық беріледі. Туристік нысандар, киелі орындар, тарихи ескерткіштер туралы толық ақпарат алуға болады. Мобильді қосымша әзірлеу туралы Мәдениет және спорт министрлігіне хат жолдадық. Бұл туризмді дамыту үшін, жеке саяхатшылар үшін ыңғайлы болмақ», - дейді жас кәсіпкер.

Еске сала кетсек, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынған болатын.

Жастар жылының ашылу рәсімінде Н. Назарбаев «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына «Жас кәсіпкер» бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.

«Жас кәсіпкер» арқылы колледждер мен университет түлектері, 18-29 жастағы жұмыс істегісі келетін жастар, жеке кәсіп ашқысы келетіндер, жұмыс істегісі келетін мүмкіндігі шектеулі жандар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен фрилансерлер білімін жетілдіре алады.

Жоғары қарай