Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандылық психологтар педофилдің жалпы портретін жасады

2021 жылдың 26 ақпан 2021 01:01

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД психологиялық қызметінің қызметкерлері өз зерттеулерін жүргізді. Мамандар сексуалдық сипаттағы қылмыстары үшін сотталған қылмыскерлердің белгілі бір ұқсастығын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысының колонияларында кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыстар үшін екі жүзге жуық адам жазасын өтейді.

Психологтар әрбір сотталған азаматпен жеке динамикалық жұмыс жүргізеді.

Психологиялық әңгімелер өткізіледі, жеке істер зерттеледі, тестілеу жүргізіледі, бұл жұмыстардың барлығы психологиялық портретті жасау үшін қажет.

Алынған ақпарат осы санаттағы адамдармен жеке жұмыс жасау үшін негіз болып табылады.

Сонымен қатар, Қарағанды облысының мекемелерінде қылмыстық жазасын өтеп жатқан кәмелетке толмағандарға сексуалдық сипаттағы қылмыс жасап сотталған адамдардың белгілі бір ұқсастықтары бар.

Мәселен, көп жағдайда балаларға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстар сәуір және мамыр айларында жасалады, ең азы - ақпан айында.

Сотталғандардың көпшілігінің өз балалары бар, 75% - бұрын сотталмаған.

Сотталғандардың орташа жасы - 32,5. Бұл ретте осы қылмыс үшін сотталғанның ең жасы – 17 жаста, ал ең үлкені – 59 жаста.

Негізінен бұл ер адамдар толық отбасында тәрбиеленген және жалғыз бала болғандар.

Көп жағдайда зиянды әдеті бар және заңды немесе азаматтық некеде тұрмайтын, әртүрлі жұмысшы кәсібіне жұмысқа орналасқандар.

«Осы санаттағы сотталғандар жеке темпераменттің меланхолиялық немесе флегматикалық түріне, ал конституциялық типологияға сәйкес астениктерге жатады. Сонымен қатар, зерттелген сотталғандардың көпшілігінде балалық шақта бастан кешкен психологиялық жарақаттары бар», - деді Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД аға психолог инспекторы, әділет капитаны Екатерина Чернышова.

Жоғары қарай