Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қарағандылық Екатерина Айдова Олимпиаданың 3 лицензиясына ие болды

2021 жылдың 15 желтоқсан 2021 14:02

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандылық конькимен жүгіруші Екатерина Айдова Калгари қаласында (Канада) өткен Әлем кубогының IV кезеңінде сәтті өнер көрсетті. Спортшы үш олимпиадалық лицензияның иегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Калгари жарысында Екатерина Айдова «В» тобында 500 м қашықтықта бірінші орын алды. «А» тобында 1000 м қашықтықта ол тоғызыншы орынға ие болды, 1500 метрде – 15-ші орын.

Қарағандылық спортшы 500 және 1000 метрге жүгіруден Қазақстанның жаңа рекордын орнатты.

Әлем кубоктарының төрт кезеңінде өнер көрсету қорытындысы бойынша Екатерина Айдова 500, 1000, 1500 метр қашықтықта Бейжіңде (Қытай) XXIV қысқы Олимпиада ойындарына қатысуға үш лицензия жеңіп алды. Планетаның басты жарыстары 2022 жылдың 4-20 ақпан аралығында өтеді.




«Тағы үш қарағандылық қысқы Олимпиадаға жолдама алды. Конькимен жүгіруші Станислав Палкин (1000, 1500 м) және биатлоншылар Людмила Ахатова мен Владислав Киреев олимпиадалық лицензиялар үшін күресуде. Людмила Ахатова Абертилиха қаласында өткен биатлоннан Австрияның ашық чемпионатында алтын және күміс медальдарды жеңіп алды. Ол 10 шақырымдық жарыста жеңіске жетіп, 7,5 шақырымдық спринтте екінші орынға ие болды», - деп хабарлады Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметі.


Жоғары қарай