Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандылық алаяқ шаруа қожалығы басшысының 23 млн теңгесін иемденіп кеткен

2020 жылдың 4 тамыз 2020 20:52

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды полицейлері шаруа қожалығының басшысын алдаған алаяқты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

3 тамызда Қарағанды қалалық ПБ Оңтүстік-шығыс бөліміне шаруа қожалықтарының бірінің 27 жастағы директоры шағым түсірген. Ол екі жыл бұрын тағы бір шаруа қожалығының басшысынан ірі қара малды сатып алмақшы болған. Ол серіктесінің адалдығына сенімді болып, 23 миллион 400 мың теңге берген.

Арада екі жылға жуық уақыт өтсе де, уәде етілген ірі қара малды көрмеген. Ақшаны да қайтармағаны. Полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады, ол 50 жастағы ер адам болып шықты. ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық жасау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.


Жоғары қарай