Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қарағандыдағы колледжде облыстың киелі жерлерінің виртуалды картасы пайда болды

2021 жылдың 24 сәуір 2021 03:26

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінде облыстың қасиетті орындардың фотосуреттері бар ерекше стенд жасалды.

Енді студенттер білім беру мекемесінің қабырғасынан шықпай, аймақтың 20-дан астам мәдени мұра ескерткіштерімен таныса алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Карта жасау колледж оқушылары мен оқытушыларының бірлескен жобасы. Картаны әзірлеу процесі ұзаққа созылды.

«Жоспарымызды іске асыру үшін үлкен команда жинадық. Оған бағдарламашылар, дизайнерлер, шеберлер мен студенттер қатысты. Әрине, мұғалімдер көмектесті. Оқу орнымыздың директоры басшылық етті», – дейді қосымша білім беру педагогы Ғалымжан Байғошқаров.




Алдымен осы істі IT-мамандар қолға алды. Олар Vuforia және Flash бағдарламаларының көмегімен компьютерлерде карта жасады. Көптеген мәтіндер, фото және бейне материалдар цифрландырылды. Содан кейін бұл іске студенттер-құрылысшылар мен дизайнерлер қосылды.

Мәдени мұра ескерткіштері туралы ақпарат іздеуге көп уақыт кетті. Қазіргі уақытта облыстың киелі жерлерінің географиясы алпыс төрт нысанды құрайды. Олардың қырық үші аймақтық, ал жиырма бірі жалпыұлттық мәртебеге ие. Колледждегі виртуалды картадан жиырма бір нысанды табуға болады.

«Бізде Алаша хан мен Жошы хан кесенелері, «Теректі әулие» кешені, көне Басқамыр қалашығы туралы материалдар ұсынылған. Ескерткіштер туралы қызықты ақпарат табу қиын болды. Көбірек ақпарат жинап, картамызды жаңа ескерткіштермен толықтыру үшін киелі жерлерге туристік серуен ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз», – дейді Ғалымжан Байғошқаров.




Әзірге бұл бастамаға карантин кедергі болып тұр. Бір қызығы, пандемияға байланысты карта көпшіліктің қызығушылығын тудыра бастады. Телефон немесе планшет арқылы қасиетті жерлерде виртуалды серуен жасау мүмкіндігі туындады. Киелі жерлерді тамашалауға «Киелі Қарағанды» қосымшасы көмектеседі. Гаджеттің камерасын өзіңізді қызықтыратын бейнеге бағыттасаңыз жеткілікті, қосымша ол ескерткіш туралы мәлімет береді.


Жоғары қарай