Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандыдағы атыс: Полиция жағдайды түсіндірді

2021 жылдың 28 қазан 2021 13:40

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының полиция департаменті такси жүргізушісі мен оның жолаушысы арасындағы атыс жағдайын түсіндірді. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

27 қазанда сағат 22.00 шамасында Қарағанды қаласы Октябрь полиция бөліміне шағын аудандардың бірінде такси жүргізушісіне шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына бірінші болып Қарағанды қаласы патруль полиция полкінің жасағы жетті.

Жәбірленуші, таксомотор паркінің 35 жастағы жүргізушісі полицияға жол ақысын төлеуден бас тартқан жолаушымен жанжал болғанын түсіндірді.

Қақтығыс кезінде клиент пышақ алып, жәбірленушіге шабуыл жасаған. Бірақ жүргізуші көліктің салонынан қашып үлгерген.

О сы кезде көшеде өтіп бара жатқан бір азамат такси жүргізушісіне көмекке келген. Ер адамдар көліктен қаскүнемді алып шығуға тырысқан.

Алайда ол қарсыластарына пышақ ала жүгірген.

Сол мезетте жүргізушіге көмекке келген азамат оған белгісіз травматикалық қарудан бірнеше рет оқ атқан.

«Полиция қызметкерлері ізін суытпай мас болған 55 жастағы ер адамды ұстады. Оған медициналық көмек көрсетілді, ауруханаға жатқызылған жоқ. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы «бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқ атқан адамның аты-жөні анықталып жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.


Жоғары қарай