Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандыдағы «Арай» базарын өртеген екі күдікті ұстады

2020 жылдың 23 қазан 2020 14:04

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда екі күдікті ұрлық фактісін жасыру үшін қасақана өрт ұйымдастырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

21 қазан күні түнде Қарағанды қаласындағы «Арай» базарындағы контейнерлердің бірінен өрт шыққан. Өрт тез өршіп, жалын қасындағы контейнерлерді шарпыған. Салдарынан 14 контейнер отқа оранып, жалпы көлемі 200 шаршы метр аумақ зардап шеккен. Полиция қызметкерлері өрт – техникалық сараптама қорытындысы бойынша өртті қасақана біреудің ұйымдастырғанын анықтады.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 202-бабы 2-тармағына (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қылмысты ашу мақсатында Полиция департаментінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды.

22 қазан күні криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 28 және 51 жастағы екі азаматты анықтады. Полиция қызметкерлері Ақмола облысының тұрғыны болып табылатын бірінші күдіктіні Бұқар жырау ауданының Ботақара кентінен ұстаса, Шахтинск қаласының тұрғыны болып табылатын екінші күдіктіні Қарағанды қаласында қолға түсірді. Олар өртті осыған дейін жасаған ұрлық фактісінің ізін жасыру үшін ұйымдастырғандарын мойындады.

Қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу амалдары жүргізілуде.


Жоғары қарай