Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандыда Жүрсін Ермановтың 70 жылдық мерейтойы атап өтілді

2021 жылдың 25 қараша 2021 08:45

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыдағы Кеншілер мәдениет сарайында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ермановтың 70 жылдық мерейтойына арналған музыкалық-әдеби кеш өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.

Мерейтой иесіне танымал мәдениет қайраткерлері жылы лебіздерін білдірді.

Ақын, публицист, айтыскер Жүрсін Ермановтың құрметіне ұйымдастырылған шығармашылық кеш Кеншілер мәдениет сарайында танымал композиторларды, әртістерді, ақындар мен жазушыларды жинады. Мерейтой иесін құттықтауға Алтынбек Қоразбаев, Асанәлі Әшімов, Аманжол Әлтаев, Серік Ақсұңқарұлы, Ғалым Жайлыбай және басқа да өнер қайраткерлері келді.

«Бүгін біз үшін ғана емес, бүкіл қазақ халқы үшін үлкен мереке. Жүрсин Ерманов – Ұлытау ауданында дүниеге келген және өзінің шығармаларымен бүкіл елді жаулап алған біртуар ақын. Ол айтысты жандандырып, осы фольклорлық өнердің дамуына баға жетпес үлес қосты.Мен оны мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын және шығармашылық шабыт пен ұзақ өмір тілеймін» – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Ғалым Жайлыбай.




Музыкалық-әдеби кеш көрермендері мерейтой иесінің өмірі мен шығармашылығы туралы деректі фильмді тамашалап қана қоймай, Жүрсін Ермановтың өлеңдеріне жазылған әндердің жантебірентерлік орындалуынан ләззәт алды. Сондай-ақ, ұлы Сарыарқаның тұлғасы туралы баяндайтын «Ұлытаудан-Алатауға» атты кітаптың тұсауы кесілді.




«Маған көрсетілген құрмет қатты әсер етті. Осы күндері менімен мерекемді бөліскендердің барлығына рахмет. Қарағанды облысы соңғы жылдары айтарлықтай өзгерді. Барша қазақстандықтарды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтаймын, республикамыздың одан әрі өркендеп, одан әрі дами беруіне тілектеспін», – деді мерейтой иесі.




Жүрсін Ермановтың мерейтойын мерекелеу республикалық ақындар айтысымен жалғасады. Ол 25 қарашада сағат 11:00-де Кеншілер мәдениет сарайында өтеді. Кіру тегін.











Басты сөздер: Қарағанды облысы, Мәдениет,
Жоғары қарай