Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандыда тағы бір отбасылық денсаулық орталығы ашылды

2021 жылдың 30 қазан 2021 17:36

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қалалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы филиалын ашты. Мұнда «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы мен денсаулық сақтауды дамытудың өңірлік бағдарламасы шеңберінде №2 отбасылық денсаулық және оңалту орталығы орналасқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отбасылық денсаулық орталығында емдеумен жалпы тәжірибе дәрігерлері айналысады.

Мұнда емшара және қарау кабинеттері орналасқан. Қабылдау электрондық кезек арқылы жүзеге асырылады.

Оңалту орталығында коронавирус инфекциясы аясында ми қан айналымының бұзылуынан, жарақаттан және пневмониядан кейін оңалтудан өтіп жатқан пациенттерге арналған заманауи тренажерлар және құрылғылар бар.




Қабылдауды реабилитолог жүргізеді, физикалық сабақтар ЕДШ нұсқаушысының қадағалауымен өтеді.

Орталықта душ кабинасы бар спорт залы, массаж кабинеті және физиотерапия бөлімшесі бар.

Күндізгі стационар жұмыс істеп тұр.





Жоғары қарай