Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандыда өндірілетін вакцина бір аптаның ішінде ресми тіркеледі

2021 жылдың 12 ақпан 2021 21:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігі Ресей Федерациясында өндірілген вакцинаның алғашқы партиясын елге кіргізуге рұқсат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, бұл процедура «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы кодексте қарастырылған.

Осылайша аталған механизм арқылы ел аумағына кіргізілген дәрі-дәрмекті қолдануға болады деген сөз.

Дәрі-дәрмекті елге кіргізуге рұқсат беретін кезде міндетті түрде сапа сертификаты мен оның тиімділігі мен қауіпсіздігін дәлелдейтін өзге де құжаттар, сонымен бірге GMP халықаралық стандартына сай екенін растайтын сертикат талап етіледі.

Ал енді Қарағанды фармацевтика кешенінде өндірілетін вакцина бөлек өндіріс алаңында жасалатын өнім ретінде әзірге тіркелу үстінде.

Бұл вакцина тек қана тіркеу куәлігін алған соң ғана қолданылады.

Бұл вакцинаны тіркеу рәсімі 16-20 ақпан аралығында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Ол үшін өнім алдымен егжей-тегжейлі зерттеуден өтеді және халықаралық қауіпсіздік пен сапа талаптарына сай екенін растайтын сертификат алуы тиіс.


Жоғары қарай