Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандыда Медиация күні виртуалды қабылдау жұмыс істейді

2020 жылдың 4 тамыз 2020 10:31

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 5 тамызда Қарағанды облысында виртуалды қабылдау азаматтардың өтініштерімен жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Онлайн-кездесуге кәсіби медиаторлардың, заңгерлердің, адвокаттар мен психологтардың консультативті көмегі қажет тұлғалардың барлығы қатыса алады.

Іс-шара Республикалық Бірыңғай Медиация күніне орай ұйымдастырылады.

Виртуалды қабылдауға өтінішті Instagram - @mediator_krg немесе @kabinet_mediatsii парақшаларына,сондай-ақ WhatsАpp - 8-702-199-38-49 нөміріне жіберуге болады.

Өтініштерді қабылдау 5 тамызға дейін ұзартылды.

Виртуалды қабылдау жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясының медиаторлары, заңгерлер, адвокаттар мен психологтар қатысады.

Консультативтік көмек барлық мүдделі азаматтарға тегін негізде көрсетіледі және құпия болады.


Басты сөздер: Қоғам, Қарағанды облысы,
Жоғары қарай