Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандыда кеншілер мен металлургтер арасында екі автокөлік ойнатылды

2021 жылдың 23 қыркүйек 2021 01:58

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ вакцинацияланған қызметкерлері арасында ұтыс ойынын өткізді. Негізгі сыйлық – екі Lada Vesta автокөлігі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұтыс ойыны онлайн режимде көрсетілді. Жеңімпаздар кездейсоқ сан генераторының көмегімен анықталды.

Ойынның ашықтығын қамтамасыз ету үшін бақылаушылар ретінде кәсіподақ өкілдері мен қызметкерлері сондай-ақ журналистер мен блогерлер тартылды.

Конкурстар болат және көмір департаменттерінің қызметкерлері арасында бөлек өткізілді.

Автомобильдерді металлургия зауытының конверторлық цехының дәнекерлеуші-жөндеушісі Нұрхан Смағұлов, Т. Күзембаев атындағы шахтаның желдету және қауіпсіздік техникасы учаскесінің жерасты электр слесарі Талғат Шауғымбеков жеңіп алды.

«Компанияда бір жылдан аз уақыт жұмыс істеймін. Менің шеберім конкурсқа қатысуға өтінім беруге кеңес берді. Бүгін әлі ұйықтамадым, себебі түнгі ауысымнан келдім. Шамасы, мені көлік күтіп тұрғанын сезген болармын! Цехтағы әріптесім бірінші болып хабарласып, жеңіске жеткенім туралы хабарлады», – деп бөлісті Нұрхан Смағұлов.

Ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша, көмір департаментінің қызметкерлерінен 5 мыңға жуық өтінім келіп түскен.

Шахтёр Талғат Шауғымбеков онлайн-трансляция кезінде жер астындағы жұмыс нарядын орындап жатқан болатын.

Жер үстіне оралғанда оны тосынсый күтіп тұрды. Жеңімпазды шахтаның басшылығы машинаның кілттерімен қарсы алды.

Автокөліктерден басқа тұрмыстық техниканы сатып алуға 20 сертификат ойнатылды. Әрқайсысының номиналы – 50 мың теңге.

Тағы бір көліктің ұтыс ойыны 14 қазанда өтеді. Оған темір кені департаментінің және еншілес кәсіпорындардың қызметкерлері қатысады.

















Жоғары қарай