Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандыда иен даладан жас жігіттің денесі табылды

2021 жылдың 13 қыркүйек 2021 14:00

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда қаңқаға айналған мәйіт табылды. Оның жанында хабар-ошарсыз кеткен жас жігіттің құжаттары болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, мәйіт Қарағанды маңында далада табылған.

«Адамның қаңқалы мәйіті табылды. Мүрденің жанында хабар-ошарсыз кеткен адамның құжаттары болған. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, табылған құжаттар 2020 жылдың 26 тамызында жоғалып кеткен 27 жастағы қарағандылық жігітке тиесілі болған.

Табылған мәйіт осы құжаттардың иесі ме, жоқ па – ол тек сараптамадан кейін ғана белгілі болады.


Жоғары қарай