Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандыда этномәдени бірлестіктер мен  мецанаттар аз қамтылған отбасыларға дәрі-дәрмек жеткізіп беруде

2020 жылдың 29 шілде 2020 18:30

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Елімізде індетке байланысты төтенше жағдай енгізілгелі Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы бір жеңнен қол шығарып, жұмыла жұмыс атқарып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Этномәдени бірлестіктер мен меценаттар клубының өкілдері карантин кезінде аз қамтылған отбасыларға, қарттарға азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізіп беріп, материалдық көмек көрсетуде. Соңғы шілде айында жасалған қайырымдылық іс қаншама.

Атап айтсақ, қашанда игі істің бастамашысы болып жүретін Теміртау қаласының «Имсталькон Теміртау» ЖШС бас директоры, меценат Иван Георгиади өз қаражаты есебінен 200-ден астам қызметкерге диагностикалық жұмыс жүргізуге көмек қолын созды. COVID-19-ға тест тапсыру бойынша 57 адамға тестілеуге демеушілік жасап, 1 млн. теңгеден астам қаражат бөлді.

Сондай-ақ, «НАМУС» әзербайжан ұлттық мәдени орталығы, «Wiеdergeburt» неміс орталығы» және «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі де аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға азық-түлік және материалдық көмек көрсетуде.

Оқу жылын қашықтықтан оқыту жүйесімен басталуын ескерсек, Шет ауданының «Нова-цинк» ЖШС директоры, меценат Сүйіндік Асанның демеушілігімен Ақшатау кентінің жалпы орта білім беретін екі мектебіне 4,5 млн теңгеге компьютерлер берілді.

Осы орайда «Қазақстан-татар-башқұрт конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Шамиль Осиннің Жұмабек ауылындағы мешіт құрылысына демеушілік жасағанын атап өту керек.

Карантин кезінде бір мүддеге ұйыған Сәтбаев қаласының Достық үйі мен этномәдени бірлестік өкілдері де жұмылып, ауызбіршілік пен ынтымақтың жарқын үлгісін іс жүзінде дәлелдеп келеді. Әлеуметтік желіде де халықты рухани қолдауға бағытталған шараларын онлайн форматта өткізуде.

Бірлескен күш пен сенімнің арқасында қабырғаны қайыстырған індетті жеңіп шығамыз деген сәулелі үміт алға жетелейді.


Жоғары қарай