Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Қарағандыда есірткіні насихаттаумен бірлескен күрес ұйымдастырылды

2020 жылдың 13 қаңтар 2020 03:20

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Тәртіп сақшылары, депутаттар, білім беру өкілдері мен қоғамдық көмекшілер есірткі заттарын насихаттауға қарсы шаралар ұйымдастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ағымдағы жылдың 10 қаңтарында Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық Үйінде Қарағанды қаласы полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Думан Қожахметовтың төрағалығымен заңсыз есірткі жарнамалау немесе насихаттау мәселелері бойынша, қылмыстық жауапкершілікті енгізу туралы түсіндірме жұмыстары бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.

Басқосуға маслихат өкілдері, қоғамдық көмекшілер, Қарағанды қаласының білім беру ұйымдары және колледждерінің директорлары, еріктілер және тұрғын үй басқармасы өкілдері, Қарағанды қаласының Қазбек би және Октябрь аудандарының әкімдігінің басшылары және қаланың аумақтық полиция бөліністерінің бастықтары қатысты.

Аталған кеңестің басты мақсаты - халықпен полиция арасында тығыз байланыс орнату және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселесіне жұртшылықтың назарын аудару болып табылады.

Бұл тұрғыда есірткі қылмысына және есірткі құралдарының жарнамасын таратуға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы Қылмыстық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ағымдағы жылдың 11 қаңтарынан бастап күшіне енетінін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 299-бабына сәйкес есірткі құралдарын насихаттау және заңсыз жарнама жүргізу, оның ішінде елді мекендердің, тұрғын үйлердің инфрақұрылым нысандарында граффити сызбаларын немесе жазуларын тарату үшін қылмыстық жауаптылық көзделетінін атап өткіміз келеді.

«Қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау бойынша жұмыстарға тек полиция қызметкерлері ғана емес, жұртшылық пен қала тұрғындары да қатысқан жағдайда айтарлықтай нәтиже болады. Сонымен қатар тек халық пен полиция арасындағы ынтымақтастық және бірлескен күш-жігер қаладағы криминогендік жағдайдың тұрақтылығын нығайта алады», - деп атап көрсетті Қарағанды қаласының ПБ бастығы полиция полковнигі Думан Қожахметов.

Сондай-ақ, Қарағанды қаласының ПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Рустам Кулькеев қала аумағында заңсыз есірткі тасымалдау және жарнамалау қылмыстарының алдын алу және жою бойынша толыққанды жұмыстардың жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР ІІМ алқа отырысында есірткі қылмысы бүгінгі күні бүкіл қоғамның проблемасы болып табылатынын, онымен күресте қырағылық танытып, қалада не болып жатқанына бей-жай қарамай, заңсыз фактілер туралы полиция органдарына дер кезінде хабарлау деп атап көрсеткен болатын.


Жоғары қарай