Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандыда екі жұмысшы цех шатырында 147 түп қарасора өсірген

2021 жылдың 9 маусым 2021 09:33

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда екі жұмысшы цехтың шатырында қарасора өсірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

4 маусым күні Қарағандыда жедел-іздестіру шарасы барысында Қарағанды облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірінің аумағынан 36 және 41 жастағы екі ер адамды ұстады. Бұл тұлғалар ЖШС цехтарының бірінің шатырында заңсыз қарасора өсірген. Жалпы алғанда, полиция қызметкерлері 147 түпті тәркіледі.

Ұсталғандардың айтуынша, олар қарасораны өздері пайдалану үшін еккен. «Плантация» үшін ер адамдар цехтың төбесін ыңғайлаған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 300-бабы 2-бөлігімен (Құрамында есiрткi заттары бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жоғары қарай