Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Қарағандыда екі азамат мәжбүрлі түрде карантинге жатқызылды

2020 жылдың 16 наурыз 2020 22:11

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда екі тұрғын карантинге мәжбүрлі түрде жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстың денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасай отырып.

16 наурызда медицина қызметкерлері мен полиция қызметкерлері Қарағанды қаласының 2 тұрғынын карантинді госпитальға мәжбүрлеп жатқызды. Екі азамат карантин госпиталіне орналастырылды, онда дәрігерлер 14 күн бойы олардың денсаулық жағдайын үнемі бақылап отырады.

«Облыстың барлық тұрғындарын коронавирустық инфекцияға қарсы күресте азаматтық жауапкершілік танытуды сұраймыз. Арнайы қызметтерді дер кезінде хабардар ету адамдардың тізбегін тоқтатуға және одан әрі ауруханаға жатқызудан аман алып қалуға көмектеседі. Үкімет қабылдаған ережелерді ұстана отырып, біз өзімізді ғана емес, туыстарымызды да, жақындарымызды да қорғауға тиіспіз», - деді денсаулық сақтау басқармасы.


Жоғары қарай