Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қарағандыда Covid-19 мәселелері бойынша Telegram-бот іске қосылды

2020 жылдың 16 шілде 2020 16:42

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында коронавирус инфекциясы туралы жан-жақты ақпарат ұсынатын Telegram-бот іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жергілікті және республикалық мамандардың кеңестері мен түсіндірмелері бір жерде жинақталған. Телеграм арнаға жазылғандар қызықтырған сұрақтарына еш қиындықсыз жауап таба алады.

Халықпен диалог орнату үшін құрылған Senim109 қызметі (Қарағанды облысының бірыңғай үйлестіру орталығы) денсаулық сақтауға арналған арнайы бөлім әзірледі. Барлық ақпарат Senim109.kz Telegram-ботында қолжетімді.

Үйде карантин кезінде не істеу керек? COVID-19 белгілері және ауруға күдік пайда болғанда қандай әрекеттер жасау керек? ПТР-тест және компьютерлік томографияны қашан жасау керек? Осы және басқа да көптеген сұрақтарға осында жауап берілген.

Бөлім үнемі жаңартылып, пайдалы мәліметтермен толығып отырады.


Жоғары қарай