Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қарағандыда банктердің карантин талаптарын сақтау тәртіптері тексерілді

2020 жылдың 11 маусым 2020 22:16

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыдағы екінші деңгейлі банктердің санитарлық нормаларды сақтауы тексерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Қарағанды облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері жергілікті атқарушы орган өкілдерімен және учаскелік инспектормен бірлесіп Қарағанды қаласының Октябрь ауданындағы банктерге рейдтік тексеріс өткізді. Ол үшін арнайы мобильді топ құрылды. Аталмыш топтың өкілдері Қарағанды қаласының Майқұдық шағын ауданында екінші деңгейлі банктердің бес филиалын тексерді.




Тексерушілер банк кіреберісінде санитайзерлер мен дезинфекциялық құралдардың болуына назар аударды. Сондай-ақ мекемелерде клиенттердің температурасын тексеру үшін термометрлер болуы тиіс. Ереже бойынша, егер клиенттің температурасы 36 градустан аспайтын болса, банкке кіруге рұқсат етіледі.




Рейд барысында мобильді топ өкілдері банк әкімшілігінен өз қызметкерлерінің температурасын тексеріп, жазатын тіркеу кітабын ұсынуды сұрады. Тіркеу кітабында күніне екі рет қызметкерлердің температурасы туралы деректер тіркелуі тиіс.

Банк қызметкерлерінің маскалары мен қолғаптарының болуына да үлкен көңіл бөлінді.

«Біз міндетті түрде өз қызметкерлерімізді маскалармен және қолғаптармен қамтамасыз етеміз. Және оларды күніне бірнеше рет ауыстырып отырамыз. Сондай-ақ біз күніне бірнеше рет бөлмені желдетеміз. Кейде бізде бетпердесі жоқ, бірақ жедел қаржылық операцияларды жүзеге асыруды өтініп келетін клиенттер болады. Мұндай жағдайларда біз оларға бір реттік маска ұсынамыз. Бірақ карантин кезінде осы секілді жайт тек 3-4 рет болды», - дейді «Қазақстан Халық банкі» АҚ Қарағанды филиалының №4 дербес орталығының бастығы Әсел Игембаева.




Рейд кезінде санитарлық қызмет мамандары Сбербанк филиалының әкімшілігіне ескерту жасады. Банк бөлімшесінде мобильді топ өкілдері күту аймағында банк клиенттері арасында әлеуметтік қашықтықты сақтамағанын анықтады.

«Бүгінгі таңда біз бес банк филиалына бардық. Бұзушылықтар анықталған жоқ, барлық қызметкерлер карантиндік режим бойынша белгіленген талаптарды сақтайды. Жалғыз ғана ескерту клиенттері белгіленген әлеуметтік қашықтықты сақтамаған «Сбербанк« әкімшілігіне жасалды. Екінші деңгейлі банктер үшін мұндай тексеру бүгін бірінші рет өткізілді. Соңғы уақытта сапаны бақылау өкілдері күн сайын шағын және орта бизнестің санитарлық ережелерді сақтауына тексеру жүргізеді», - деді Қарағанды қаласы Октябрь ауданының ТҚСҚББ бас маманы Әсел Тұрмағанбетова.








Жоғары қарай