Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Қарағандыда балабақшалар қалыпты режимде жұмыс істей береді

2020 жылдың 13 наурыз 2020 18:34

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының балабақшалары күнделікті тәртіпте жұмыс жасайды. Барлық мектепке дейінгі мекемелерде вирустық аурулардың алдын алу шаралары күшейтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстың барлық балабақшалары штаттық режимде жұмыс істейтін болады. Бірақ егер ата-аналар баласын белгілі бір уақыт үйде болады деп шешім қабылдаса, ол туралы балабақша әкімшілігіне жазбаша түрде хабарлауы тиіс. Тамақтану үшін төлем қайта есептеліп, баланың орны сақталады. Жұқпалы және вирустық аурулардың алдын алу бойынша іс-шаралар күшейтілуде: дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ылғалды жинау жиілігі ұлғайтылды, үй-жайларды желдету, кварцтау режимі қатаң сақталады. Тамақтану және су ішуді ұйымдастыру ерекше бақылауда.

«Барлық мектепке дейінгі ұйымдарда қажетті мөлшерде жуу құралдары, қол гигиенасы мен дезинфекциялауға арналған құралдар бар. Балаларда вирусты инфекциялар белгілері болған кезде таңертеңгілік «сүзгі» жүргізіледі, балалар мектепке дейінгі ұйымдарға жіберілмейді. Егер мұндай белгілер пайда болса, онда балаларды изоляторға орналастырып, ата-аналарға баланы алып кету туралы хабарлайды», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Мамандар алдын алудың маңызды факторы - балаға жеке гигиена дағдыларын үйрету екенін және тәрбиеші мен ата-аналардың бірлескен қызметі маңызды екенін атап айтты.


Жоғары қарай