Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды тұрғыны 777 шақырымды жаяу жүріп өтті

2021 жылдың 3 тамыз 2021 22:06

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай продюсер әрі блогер Асхат Қажытай Қарағандыдан Ұлытауға жаяу жетіп, 777 шақырымды бағындырды. «Ұлытау — ұлт ұясы» монументінің жанында марафоншыны әжейлер шашумен қарсы алып, қымыз берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің «Жаяу» марафонымның негізгі мақсаты - адамдарға аудандар мен ауылдардың өмірі мен тарихы туралы айтып беру. Мені алда ұзақ жол күтіп тұр. Оның алдында мен қасиетті Ұлытауға барып, бата алуды шештім», - деп бөлісті саяхатшы.

Бұл – Асхаттың алғашқы жаяу марафоны емес. Өткен жылы ол Қарағандыдан Ақсоранға дейін 333 шақырым жол жүріп өтті.

Саяхатшы бес маршрут жасаған. Марафон күзде Түркістанда аяқталады. Ол аяқталғаннан кейін Асхат өзінің саяхаты туралы бейнеесеп пен кітап шығаруға ниетті.

Болашақта ол Еуропаны жаяу бағындыруды жоспарлап отыр.













Жоғары қарай