Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды полицейлері толғағы қысқан әйелді перзентханаға жеткізді

2021 жылдың 31 қазан 2021 17:07

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды олицейлері толғағы қысқан жүкті әйелді жедел түрде перзентханаға жеткізуге көмектесті. Жүкті әйел күйеуімен бірге Қарқаралы ауданынан шығып Қарағандының перинаталды орталығына асыққан. Жолда ерлі-зайыптылар полицейлерден көлігін Қарағандыға дейін алып жүруді сұраған. Патруль қызметкерлерінің көмегінің арқасында әйелді перзентханаға дер кезінде жеткізу мүмкін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

26 қазан күні сағат 05:00 шамасында «Павлодар-Қарқаралы» автожолында Қарағандыға кіре берісте ер адам патрульдік полк қызметкерлеріне жүгінген.

«Патрульдік полиция полкі құрамында полиция аға лейтенанты Д.С. Орынбек пен полиция аға лейтенанты Д.Е. Егінбай мал ұрлығына қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде «Қарағанды-Павлодар» автожолында блокбекетте болды. Таңғы сағат 5.00-де оларға күміс түсті Ауди 100 автокөлігі келіп, оның жүргізушісі Қарағанды полиция қызметкерлерінен Михайлов ауданындағы перзентханаға ертіп жүруін өтініп, көмек сұраған. Себебі көлік салонында суы кетіп, толғағы басталған жұбайы болған. Осыдан кейін патрульдік полиция полкінің қызметкерлері әйелді перзентханаға 10 минут ішінде жеткізді», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.




«Біз түнде Қарағайлы ауылынан Қарағандыға шықтық. Дәрігерлер жұбайыма кесарь тілігін жасау керек деген болатын. Сол түні аяқ асты толғағы басталған соң, ойланбастан қалаға шығып кеттік. Қарағандыға жете бергенде жолда полиция қызметкерлерін көрдік. Мен олардан бізді ауруханаға жеткізуді өтіндім. Олар еш кідірместен келісіп, бізге көмекке асықты. Перинаталды орталыққа жеткізілгеннен кейін де олар үнемі қоңырау шалып, әйелімнің жағдайын біліп отырды. Аллаға шүкір, әйелім аман-есен босанды. Біз полицейлерге өте ризамыз. Олардың ерлігі мен көмегін атап өткіміз келеді», - дейді жас әке.

Әйел аман-есен ұл туып, полицейлерге шынайы алғысын жеткізді.



Жоғары қарай