Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысының жастар саясаты басқармасына жаңа басшы келді

2021 жылдың 25 қаңтар 2021 10:01

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының жастар саясаты басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Бұл қызметті енді Біржан Әлімжанов атқарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Өңір әкімі Жеңіс Қасымбек онлайн режимде өткен жиналыс барысында әріптестеріне басқарма басшысын таныстырды.

Біржан Әлімжанов Алматы облысының Петропавловка ауылында дүниеге келген.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Ол - «бағалаушы» мамандығы бойынша қызмет көрсету саласының бакалавры, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі.

Прага қаласындағы Жоғары экономика мектебінде халықаралық тағылымдамадан өткен.

Қарағанды қалалық мәслихатының V және VI шақырылымының депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

«Жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша «Қайнар» сыйлығының лауреаты атанған.

Еңбек жолын 2010 жылы «Қарағанды облысының Жастар одағы» ҚБ төрағасы ретінде бастаған.

Жастар ісі жөніндегі орталықтың жетекші маманы және директоры қызметін атқарған. 2016 жылы Нұр-Сұлтан қаласының тіл саясатының сараптама және мониторинг басқармасына сарапшы ретінде шақырылған.

Дәл сол жылы Кәсіби шеберлік және WorldSkills қозғалысын дамыту жөніндегі басқармада алдымен менеджер, сонан соң бас менеджер болған.

2018 жылғы қыркүйекте Біржан Әлімжановты білімді қаржыландыру мемлекеттік жүйесін дамыту және студенттік жатақханалар операторлығы жөніндегі басқарма директорының орынбасары етіп тағайындаған.

Соңыра ол «Қаржы орталығы» АҚ Студенттік жатақханалар операторлығы жөніндегі департаментінің директоры лауазымына тағайындалып, осы уақытқа дейін сол қызметті атқарып келген.

Жоғары қарай