Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысының тұрғыны қыстақтан мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен

2020 жылдың 2 желтоқсан 2020 13:18

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қар құрсауында қалған көлік жолаушыларын құтқарды. Сондай-ақ мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен адамды тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

29 қараша күні сағат 01:40-та Ақтоғай ауданы Сарытерек ауылдық округінде ер адамның жоғалып кеткені туралы ақпарат түскен. Мәлім етілгендей, 28 қараша күні Жетімшілік ауылынан батысқа қарай 15 км жердегі Үшшілік қыстағынан 29 жастағы ер адам жаяу мал іздеуге шығып, қайтып оралмаған.

«Оқиға орнына ТЖД, полиция қызметкерлерінен, жергілікті тұрғындардан құралған іздеу тобы шықты. 29 қараша күні сағат 22:00-де жоғалған адамды полиция қызметкерлері Ақтоғай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км жердегі ауыларалық жолдан тапты. Медициналық көмек қажет болмады», - деді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінде.

Дәл сол күні сағат 16:55-те Абай ауданында Сарепта ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км жерде ТЖД бөлімшелерінің күшімен қар құрсауынан 2 адам құтқарылып, Сарепта ауылына жеткізілді. Медициналық көмек қажет емес еді.

«Ауа райы нашарлағанда алыс қашықтыққа жол жүруден бас тартқан жөн. Жақындарыңызға қайда және қашан жол тартқаныңыз туралы ескертіңіз. Бұл ақпарат жазатайым оқиғалар болып қалса, шұғыл түрде кұтқаруға үлкен септігін тигізеді», - дейді құтқарушылар.





Жоғары қарай