Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Қарағанды облысының тұрғыны дүкенге қарақшылық шабуыл жасады

2020 жылдың 7 қаңтар 2020 14:53

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат –Қарағанды облысы Абай қаласының тұрғыны жергілікті дүкендердің біріне қарақшылық шабуыл жасаған. Белгісіз ер адам сатушыны пышақпен қорқытып, кассадан барлық ақшаны алып кетпек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

6 қаңтарда сағат 22:00 шамасында Қарағанды облысы Абай қаласындағы дүкендерінің бірінің 27 жастағы сатушысы белгісіз тұлға қара бетперде киіп алып, пышақпен қорқытып, дүкен кассасынан ақшаны алып кеткені туралы полицияға арыз жазған.

Қылмысты ашу үшін Абай ауданы полиция басқармасының барлық жеке құрамы бағытталды. Күдіктіні анықтау және ұстау үшін жақын жатқан аулалар мен көшелер тексерілді.

«Патрульдік полиция взвод қызметкерлері көшелердің бірінде кассадан ақша ұрлап кеткен Абай қаласының 27 жастағы тұрғынын «ізін суытпай» ұстады. Құрықталған күдіктіден пышақ пен қара маска табылды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 192-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Жоғары қарай