Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысының трассасында автобус өртеніп кетті

2021 жылдың 31 қазан 2021 19:27

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында Қарағанды-Егіндібұлақ тас жолында вахта автобусы өртеніп кетті. Жолаушылар мен жүргізуші автобустан шығып үлгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін күндіз Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында жұмысшылар тасымалдайтын автобус өртеніп кетті.

«31 қазан 15:46-да Қарқаралы ауданында «Қарағанды-Егіндібұлақ» тас жолының 30-шы шақырымында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Жалпы ауданы 24 шаршы метрді құраған вахта автобусы өртенді. Өрт 17:37-де сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп мәлімдеді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Бастапқы болжам бойынша өрттің шығуына электр сымының қысқа тұйықталуы себеп болған.








Жоғары қарай